Құсымжанов Сүният Мырзакенұлы – реконструктивті-пластикалық урология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты уролог-дәрігер, профессор, медицина ғылымдарының докторы - Урологиялық Ғылыми Орталығы

Құсымжанов Сүният Мырзакенұлы – реконструктивті-пластикалық урология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты уролог-дәрігер, профессор, медицина ғылымдарының докторы 

Білімі: жоғары – 1982 ж. Алматы мемлекеттік медицина институты 

Жұмыс өтілі: 36 жыл 

Жетістіктері:

  • ­1987 ж. – Қаз КСР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы;

  • 1999 ж. – «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі»;

  • 2005 ж. – «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі;

  • 2006 ж. – «Алтын скальпель»;

  • 2011ж. – «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі;

  • 2015 ж. – Ұлттық медициналық қауымдастықтың «Алтын Дәрігер» құрмет медалі және алғыс хаты;

  • 2016 ж. – «Академик Б.О.Жарбосынов» атындағы алтын медаль;

  • 2017 ж. – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың құрмет грамотасы.

Профессор С.М.Құсымжановтың кандидатурасы бірнеше мәрте түрлі марапаттарға, соның ішінде екі мәрте ҚР ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік жүлдесіне (авторлар ұжымымен бірге, 1999 және 2001 жж.), «Қазақстанның 2001 жылдағы дәрігер» номинациясында «Алтын-Адам» атағына, «Шапағат» медалімен марапаттауға (2001 ж.), жалпыұлттық тәуелсіз «Тарлан» жүлдесіне (2011 ж.), «Құрмет» орденімен марапаттауға (2011 ж.), «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағына (2014 ж.)

Ғылыми еңбектері:

Урологияның өзекті мәселелері бойынша салалық 4 ғылыми-техникалық бағдарлама, «ҚР-да балалар мен жасөспірімдер арасындағы андрологиялық аурулардың жиілігін, репродуктивтік жүйе органдары функцияларының бұзылу себептерінің құрылымын зерттеу» тақырыбына ғылыми-техникалық бағдарлама, сонымен бірге «Бүйрек ісіктерін ерте диагностикалаудың инновациялық әдістері мен шағын инвазивті эндоскопиялық емдеуді дайындау» және «Жануарлардың репродуктивтік органдары функцияларының бұзылуы кезінде жасушалы технологияны қолдану тиімділігін зерттеу бойынша эксперименталдық зерттеу жүргізу» тақырыптарына екі гранттық бағдарлама.
Оның ғылыми қызметінің нәтижесі – 2 монография, « British JournaI of UroIogy», «JournaI of EndourIogy», «International JournaI of UroIogy» беделді алыс шетелдің басылымдарда жарық көрген 300-ден астам ғылыми жұмыс.
Ғылыми зерттемелердің, оның ішінде шұғыл араласулардың басымдығы ҚР 20 патентімен және авторлық куәліктермен, оның ішінде 4 Еуразиялық Халықаралық патентпен дәлелденген. Еуропаның жетекші клиникаларында, жекелеп айтқанда, Хайдельберг қаласында (Германия, 1995 ж.), Париж (Франция, 1995 ж.), Сарагоса (Испания, 2009 ж.), Лейпцигте (Германия, 2012 және 2015 жж.) лапароскопиялық урология бойынша тағылымдамалар мен үйрену тренингтерінен өтті.

Жұмыс бағыты:

Жұмыс бағыты: Профессор Кұсымжанов Еуропа урологтары қауымдастығының 2005 жылдан бері мүшесі, клиникалық пәндер бойынша медициналық сарапшылардың халықаралық реестріне енген. 
Профессор Кұсымжанов С.М. отандық медицина ғылымы мен практикасында жаңа келешегі зор бағыт – лапароскопиялық урологияның дамуының негізін қалаушы. Ол ТМД еллерінде алғаш рет 1994 жылдан бері отандық клиникалық урология тәжірибесіне көптеген кең таралған урологиялық аурулар кезінде хирургиялық лапароскопиялық видеокешендерді қолдану арқылы шағын инвазивті эндоскопиялық араласуды өз бетінше әзірлеп, енгізді. Бұл зерттемелер қазіргі кезде елдің урологиялық стационарларының клиникалық тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр, клиникалық хаттамаларға енгізілген. Оның зерттеулерінің нәтижесі еліміздің денсаулық сақтау саласына шағын инвазивті, жоғары технологиялық операцияларды насихаттау мен енгізуде үлкен рөл атқарып, халыққа урологиялық медициналық көмек көрсету сапасының жақсаруына жол ашты. Профессор С.М. Кұсымжановтың үлкен ғылыми әл-ауқаты несеп-жыныс жолдарының гидронефрозы, стриктурасы, ятрогенді және акушерлік, гинекологиялық араласуларда, несеп-жыныс шемені, қуықтағы және несеп жолындағы ісіктер, әйелдерде несеп ұстамауы, бүйрек ісіктері және т.б. кезінде интраоперациялық зақымдалуы кезінде реконструктивті-пластикалық хирургиялық араласулардың ашық бірегей әдістерін дайындау, жетілдіру және клиникалық тәжірибеге енгізу арқылы жүзеге асты. 
Профессор Кұсымжанов С.М. ірі ғалым, педагог, түрлі урологиялық ауруларды шұғыл емдеуде заманауи, күрделі және жоғары технологиялық әдістерін жетік меңгерген кәсібилігі жоғары уролог-дәрігер, республикамыздың медициналық қоғамдастығы арасында мойындалған беделді тұлға.

Сіздерді Алматы қаласы, Бәсенов көшесі 2 мекенжайы бойынша күтеміз.

Құсымжанов Сүният Мырзакенұлы – реконструктивті-пластикалық урология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты уролог-дәрігер, профессор, медицина ғылымдарының докторы

Телефоны

Добавочные номера:

Отдел закупок: 1012

Бухгалтерия: 1011

Постдипломное образование: 1013

Заведующая аптеки: 1015

Отдел кадров: 1017

Справочная 1212

Email

info@ncu.kz

Адрес

Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Басенова, 2