Б. У. Джарбусыновның өмірбаяны - НАУЧНЫЙ ЦЕНТР УРОЛОГИИ ИМЕНИ Б. У. ДЖАРБУСЫНОВА

Б. У. Джарбусыновның өмірбаяны

Б.У. Джарбусынов

Бинеш Оразұлы Жарбусынов, 1932 ж. 13 мамыр күні дүниеге келген. 1949 жылы Гурьев қ. Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1955 жылы Алма-Ата мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1955-1956 жж. Гурьев қ. мұнайшылар емханасында уролог-дәрігер болып жұмыс істеген. 1956-1958 жж. Алма-Ата медицина институтының урология кафедрасын- дағы клиникалық ординатурада білім алған. 1958 ж. Ақтөбе қалалық емха- насында уролог-дәрігер қызметін атқарған. 1959 ж. Ақтөбе медицина ин- ститутының жалпы және факультеттік хирургия кафедрасының ассистенті. 1962 ж. АММИ аспирантурасына оқуға түскен. 26.10.1965 ж. «Қуық арқылы жасалатын аденомэктомия мәселесіне қатысты» тақырыбындағы канди- даттық диссертациясын қорғаған. 1966 ж. бастап АММИ урология кафед- расының ассистенті, ал 1978 ж. бастап кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1984 ж. «Ерлер бедеулігі» тақырыбындағы докторлық диссертация- сын қорғаған. Төрағасы У.К. Караманов қол қойған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 14 желтоқсандағы №484 ҚАУЛЫСЫМЕН Республика- лық урология және оперативті нефрология орталығының негізінде ҚазКСР ДСМ Урология ҒЗИ құрылған. ҚазКСР ДСМ Урология ҒЗИ-ның бастамашы сы, ұйымдастырушысы және бірінші директоры – ғылымға еңбегі сіңген қай- раткер, Профилактикалық медицина академиясының академигі, профессор Б. О. Жарбусынов. ҚазКСР ДСМ-нің Урология ғылыми-зерттеу институтын (1991-1996 жж.) Б. О. Жарбусынов басқарған. 1993 жылы Урология ҒЗИ-да 14.00.40 – урология мамандығы бойынша Диссертациялық кеңес ашылған. Қазақстан урологтарының бірінші съезі (1991), Қазақстан урологтарының II конгресі (1995). 1991-1996 жж. ғылыми бөлімшелердің 8 фрагментінен «Несеп-жыныс жүйесінің ауруларын диагностикалау және емдеу әдістерін оңтайландыру» тақырыбында ҒЗЖ орындалған.

ҒЗЖ нәтижелері бойынша 184 жұмыс жарияланған: 4 монография; 5 әдістемелік ұсыныс; 7 патент; 168 мақала мен тезис. Қорғалғаны: 8 кандидат- тық және 3 докторлық диссертация. Б. О. Жарбусынов мынадай ұйымдар- дың мүшесі болған: Еуропалық урологтар қауымдастығы; Бүкілодақтық уро- логтар ғылыми қоғамының басқармасы; Қазақ урологтар қауымдастығының төрағасы; ҚР ДСМ-нің бас урологы; «Здравоохранение Казахстана», «Ден- саулық» және «Урология и нефрология» журналдарының редакция алқасы- ның мүшесі. 250-ден астам ғылыми жұмыстың; 9 монографияның; 17 өнер- табыстың авторы. Оның жетекшілігімен 16 кандидаттық және 13 докторлық диссертация қорғалған. Қазақстандық урологтардың Еуропалық урологтар қауымдастығына кіруі (1992) ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 1367 қаулысымен ҚР ДСМ Урология ҒЗИ негізін қалаушысы Б.О. Жарбусынов атындағы Урология ғылыми орталығына қайта құрылды. Б. О. Жарбусыновтың естелігі ретінде Орталықта оның мүсіні орнатылып, оның атындағы мұражай жұмыс істейді.