«ЕҢ ТАНЫМАЛ ДӘРІГЕР» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ - Урологиялық Ғылыми Орталығы

Орталық әкімшілігі байқау нәтижелерін шығарып, жеңіпаздарымыздың есімдерін жариялауға дайын:

 

3-орын Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия (АРҚТ) бөлімшесінің анестезиолог дәрігері Қуанышева Гулия Владимировнаға берілді. Оған 1492 лүпіл қойылып, 151 пікір жазылған. Дәрігерге УҒО жетекшілігінен алғыс хат және 50 000 теңгеге сертификат табыс етілді.

 

2-орын  балалар урологы Қабдолдин Қайрат Нұртуғанұлына бұйырды. Ол 2 307 лүпіл және 531 пікір жинаған. Қайрат Нұртуғанұлына да УҒО жетекшілігінен алғыс хат және 70 000 теңгеге сертификат табыс етілді.

 

1-орын және «Ең танымал дәрігер» атағын андрология бөлімшесінің уролог-андрологы Хахазов Якуб Закирович алды. Жеңіпазға  2442 лүпіл қойылып, 603 пікір жазылған.

 

Якуб Закирович УҒО жетекшілігінен алғыс хат, 100 000 теңгеге сертификат және УҒО фирмалық төсбелгісі табыс етілді.

 

Жеңіпаздарымызды құттықтап, олардың маңызды және игілікті еңбегіне табыс тілейміз!

 

 БІЗ ӨЗ ДӘРІГЕРЛЕРІМІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!

 

Баршаңызды орталығымыздың дәрігерлері арасындағы «Ең жайдары дәрігер» атағына байқау қатысушыларына қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Конкурс кәсіби мереке – Медициналық қызметкер күні қарсаңында ұйымдастырылып, ағымдағы жылдың 4-16 маусым аралығында өтті.

«ЕҢ ТАНЫМАЛ ДӘРІГЕР» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ

Телефоны

Добавочные номера:

Отдел закупок: 1012

Бухгалтерия: 1011

Постдипломное образование: 1013

Заведующая аптеки: 1015

Отдел кадров: 1017

Справочная 1212

Email

info@ncu.kz

Адрес

Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Басенова, 2