Наталья Николаевна

«Сіздің клиникада 2013-жылдан бері ем алып келемін. Қуыстық операция жасалып, соққы-толқындық қашықтық литотрипсиясының 12 сеансын және  2 мәрте ретроградты пиелолиторипсияны өттім. Дәрігер Селімов Руслан Батталұлының араласуынан кейін екі жақты үшінші ретроградты пиелолиторипсия жасалды. Ол бірден оң нәтиже көрсетті. Оң жақ бүйрек тастан толықтай тазартылып, ал сол бүйректен үш тас алынып тасталды, екі тасқа екі стенд қойылды. Бір айдан кейін сол бүйректегі үшінші тасқа литотрипсия жасалды. Тек фрагменттері қалды.

Дәрігер Селімов Руслан Батталұлына @selimov_ruslan_83 еңбегі, пациенттерге деген мұқият қарым-қатынасы үшін ­алғыс білдіремін. Сонымен бірге резидент Ибраимов Ролан туралы айтып өтуді жөн көрдім. Ол өте мұқият. Ролан менен 2 стендті кәсіби шеберлікпен алып тастады. Барлығыңызға мың алғыс! »

Несеп-тас ауруы бөлімшесінің пациенті Наталья Николаевна.

 

Наталья Николаевна