МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕРСОНАЛДЫ ЖАТТЫҚТЫРУ ОҚУЛАРЫ

18-шілдеде Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында карантинді немесе өте қауіпті аурулар анықталған жағдайда эпидемияға қарсы хабарландыру сызбасын және шұғыл жоспарды дайындау бойынша медициналық персоналды жаттықтыру оқулары өтті.

Жаттығу сабақтарында науқасты оқшауландыру, обаға қарсы костюмді кию және шешу, науқастан биологиялық материалды алу ережесі, сонымен бірге науқасты жедел медициналық жәрдем машинасына тасымалдау алгоритмі игерілді.

Дәл қазір сайттағы өзекті мәселе

МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕРСОНАЛДЫ ЖАТТЫҚТЫРУ ОҚУЛАРЫ