Аманов Әнуар Тұрсұнжанұлы – «Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы - НАУЧНЫЙ ЦЕНТР УРОЛОГИИ ИМЕНИ Б. У. ДЖАРБУСЫНОВА

Аманов Әнуар Тұрсұнжанұлы – «Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы

Аманов Әнуар Тұрсұнжанұлы – «Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы.

Дипломдары

  • Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы, «урология» мамандығы бойынша клиникалық ординатура, 1996 ж.
  • С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, «Менеджмент бакалавры» дәрежесін алған, 2012 ж.
  • Д.А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университеті, «Құқық бакалавры» дәрежесін алған, 2014 ж.

Ғылыми дәрежелері мен жетістіктері

Медицина ғылымдарының докторы.

Еуропа урологтары қоғамының мүшесі, 2007 жылдан бері Ресей Федерациясы Медициналық-техникалық ғылымдар академиясының нақты мүшесі (академигі).

«Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары білікті санаты бар.

50-ден астам ғылыми жұмыстың, 1 монографияның авторы, өнертабысқа 3 патенті бар. «Алматы қаласы денсаулық сақтауды ең үздік ұйымдастырушы менеджер -2015» байқауының жеңіпазы.

Орталық Азия Урологтарының Халықаралық Конгресінің (Central Asian Congress of Urology-CACU) төрағасы.

Сіздерді Алматы қаласы, Бәсенов көшесі 2 мекенжайы бойынша күтеміз.