ДОНОР КҮНІ

Бүгін Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында «Донор күні» науқаны өтті. Республикалық қан орталығынан шақырылған мамандар гемоглобин деңгейін, қан тобын, жоғары артериалды қысымы бар, гемоглобині төмен пациенттерді анықтау мақсатында резус-факторды анықтау үшін донорларға қан талдауын жүргізді.

Орталық қызметкерлері қайырымдылық науқанынан тыс қалмай, бар ықыластарымен қатысып, қан тапсырды.

Қан орталығынан келген дәрігер Жұмақыз Ғазизқызы түрлі күрделі ауруларға шалдыққан пациенттерге қан құю қажет екенін айтып өтті. Сол себепті донорлық – қайырымды және игі іс.

«Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «сыйлық, тарту» дегенді білдіреді. Донорлық – көмек және адам өмірін сақтап қалу символы.

Донорлар 450,0 мл көлемде қан тапсырады. Сау адамның ағзасы үшін мұндай мөлшердегі қан физиологиялық қауіп тудырмайды, сонымен бірге қан ағу қаупі деп жоқ. Зерттеулер нәтижесі мен сарапшылар тәжірибесі донорлық адам денсаулығына пайдалы екенін көрсетті.

Қан тапсыру кезінде қан айналым және иммундық жүйе жақсарып, донорлар қауіпті жаңадан пайда болған ісіктерге және жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруларына сирек шалдығады.

ДОНОР КҮНІ